
Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қарияларымыз – халқымыздың баға жетпес қазынасы, өмірлік тәжірибе мен даналықтың қайнар көзі. Сіздердің адал еңбектеріңіз, елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен ұрпақ тәрбиесіндегі өнегелі жолдарыңыз – кейінгі буын үшін үлкен үлгі.
Қариясын құрметтеген елдің бірлігі бекем, тірлігі берекелі болады. Сондықтан аға буынға құрмет көрсету, қамқорлық таныту, ақыл-кеңестері мен өмірлік тәжірибесін бағалау – баршамызға ортақ міндет.
Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілеймін!
Әрдайым ұрпақтарыңыздың ортасында қадірлі болып, елдің құрметіне бөленіп, бақытты ғұмыр сүргейсіздер.
Мереке құтты болсын!








