Маңғыстау облысы цифрлық ынтымақтастықты халықаралық деңгейде нығайтуда

    Маңғыстау облысы цифрлық ынтымақтастықты халықаралық деңгейде нығайтуда

    «Digital Bridge 2026» халықаралық форумы аясында Маңғыстау облысы үшін маңызды халықаралық байланыс орнатылды.

    Форум барысында Маңғыстау облысының Цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Атамұра Балтабайұлы DEC40 (Global Digital Economy Cities Alliance) халықаралық қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    DEC40 – цифрлық экономика мен заманауи технологияларды дамыту бағытында тәжірибе алмасуға және халықаралық серіктестікті күшейтуге бағытталған жаһандық алаң.

    Аталған келісім Маңғыстау облысының цифрлық әлеуетін арттыруға, озық технологиялар мен халықаралық тәжірибені өңірге енгізуге, сондай-ақ цифрлық экономика саласындағы жаңа серіктестермен байланыс орнатуға жол ашады.

    Маңғыстау үшін бұл – өңірдің цифрлық трансформациясын жеделдету, инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту және халықаралық цифрлық ортадағы байланыстарын нығайту бағытындағы маңызды қадам

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасы" жаңалықтары