Гүлнафис Айшуақова Атырау облысы балалар құқықтарын қорғау басқармасына басшы болып тағайындалды

    Гүлнафис Айшуақова Атырау облысы балалар құқықтарын қорғау басқармасына басшы болып тағайындалды

    Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовтың өкімімен Гүлнафис Айшуақова Атырау облысы балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Гүлнафис Айшуақова 1984 жылғы 24 қарашада дүниеге келген. 2007 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2008 жылы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы «Карат» ЖШС-де заңгердің көмекшісі болып бастаған.

    Әр жылдары заң кеңесшісі, іс жүргізу жөніндегі инспектор, Жылыой ауданы әкімі аппаратының бас маманы және бас инспекторы қызметтерін атқарған.

    2019-2023 жылдар аралығында Жылыой ауданының ішкі саясат бөлімін басқарды.

    2023 жылғы қаңтардан бастап жаңа қызметке тағайындалғанша Жылыой ауданы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының әкімдігі" жаңалықтары