Бурабай ауданындағы есірткі қылмыстарының алдын алу

    Есірткі қылмыстарының алдын алу мақсатында аудан прокуратурасы тарапынан білім беру ұйымдарында оқушылармен және жастармен профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

    Кездесулер барысында жастарға есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қолданудың адам денсаулығына және өміріне тигізетін кері әсері, сондай-ақ олардың заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары түсіндіріледі.

    Сонымен қатар, жастардың әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы есірткінің заңсыз айналымына тартылу қаупіне ерекше назар аударылады. Қазіргі уақытта қылмыстық топтар «оңай ақша табу» ұсынысы арқылы жастарды есірткі заттарын жасырын орындарға орналастыруға («закладка») тартуға тырысады.

    Профилактикалық кездесулер барысында мұндай ұсыныстарға сенбеу, күмәнді хабарламалар мен ұсыныстарды қабылдамау, сондай-ақ есірткі заттарына қатысты кез келген заңсыз әрекеттен бас тарту қажеттілігі түсіндіріледі.

    Есте сақтау қажет: есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау, дайындау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

    Жастарға «оңай жолмен ақша табу» туралы ұсыныстардың артында ауыр қылмыстық жауаптылыққа әкелетін әрекеттер тұруы мүмкін екендігі түсіндіріледі.

    Ата-аналар мен педагогтерге балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге, араласатын ортасына және интернеттегі белсенділігіне назар аударып, есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту ұсынылады.

    Е сірткінің таралуына бірге тосқауыл қояйық!

    Өз болашағыңды қатерге тікпе — заңсыз әрекетке жол берме!

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары