
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі алдымен Ш. Берсиев округіне қарасты Қарасу елді мекеніндегі жол жөндеу жұмыстарының жай-күйімен танысты. Қазіргі таңда елді мекендегі жол инфрақұрылымын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, дамбаның жан-жағын көтеру, жол негізін нығайту және щебень төсеу жұмыстары атқарылуда.
🔸️Аудан басшысы жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына назар аударып, жол жөндеу кезінде белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар мердігерге жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
🔸️Сапар барысында аудан әкімі Ш. Берсиевтің бейітіне барып, «Даңқ» мұнарасы мемориалының қазіргі жағдайымен де танысты. Мемориалдың сақталуы, абаттандырылуы және тарихи нысан ретінде тиісті деңгейде күтіп ұсталуы мәселелері назарға алынды.
🔹️Аудан әкімі жауапты тұлғаларға мемориал аумағын күтіп ұстау, тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігін атап өтті.
Берілген тапсырмалардың орындалуы аудан әкімдігінің бақылауында болады.









