Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

ТҮРКІСТАН: ДІНИ НАНЫМ-СЕНІМ БОСТАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕП ТАЛҚЫЛАНДЫ
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінде қызметкерлер арасында діни наным-сенім бостандығы мен қызметтік әдеп қағидаларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында әрбір азаматтың діни наным-сенім бостандығына құқығы бар екені және өзге адамдардың діни көзқарастарына құрметпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге әріптестеріне өздерінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге және қызметтік міндеттерін атқару барысында бейтараптық қағидаларын сақтауға баса назар аудару қажеттігі айтылды.
Кездесудің мақсаты – ұжымда өзара құрмет, толеранттылық пен діни сенім бостандығын сақтау мәдениетін қалыптастыру.









