Студенттерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    Студенттерге қауіпсіздік ережелері түсіндірілді

    Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандарымен бірлесіп студенттерге арналған интерактивті қауіпсіздік сабағын өткізді.

    Сабақ барысында жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелеріне ерекше назар аударылды. Студенттерге өрттің негізгі себептері, жылыту құралдары мен жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптары, сондай-ақ өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

    Сабақтың жеке бөлімі алғашқы көмек көрсетуге арналды. Апаттар медицинасы орталығының мамандары көміртегі тотығымен уланған кезде алғашқы көмек көрсету тәртібін және жедел қызметтер келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу алгоритмін іс жүзінде көрсетті.

    Ақпараттық-профилактикалық жұмыстар аясында облыстың 24 колледжі қамтылып, жалпы 3 420 студент қатысты.

    Мұндай сабақтар жастар арасында қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, олардың білім деңгейін арттыруға және төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге дайындығын нығайтуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары