
Мүгедектігі бар адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар бойынша сұрақ- жауап
1.Мүгедектігі бар адамдарға қандай мемлекеттік жәрдемақылар көзделген?
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 170- бабына сәйкес мүгедектігі бар адамдардың:
1. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға;
2. еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемге;
3. мүгедектігі бар баланы тәрбиелеушіге берілетін мемлекеттік жәрдемақыға;
4. бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамға берілетін мемлекеттік жәрдемақығы құқығы бар.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша шаралары көрсетілуі мүмкін.
2026жылы жалпы аурудан мүгедектігі белгіленген азаматтарға жәрдемақы мөлшері қанша?
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТКД 50851 теңге мөлшерінде белгіленуіне байланысты, Әлеуметтік кодекстің 177- бабына сәйкес жалпы аурудан, жұмыста мертігуден немесе кәсіптік аурудан болған мүгедектік бойынша:
1- топқа-111 873 тг. (2,20 ЕТКД)
2- топқа -89 498 тг.(1,76ЕТКД)
3- топқа-61 022 тг.(1,20 ЕТКД)
Жәрдемақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ЕТКД мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып айқындалады.
Мүгедектігі бар адам жұмыс істеген жағдайда жәрдемақы төлене ме?
Иә, Әлеуметтік кодекстің 177- бабының 7 тармағына сәйкес жұмыс істейтін жәрдемақы алушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы толық мөлшерде төленеді.








