«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» — ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛДЫ

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» — ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҰТЫМДЫ ҚОЛДАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛДЫ
    2026 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Қызылорда қаласындағы GPP (Тиісті дәріханалық практика) сертификатына ие дәріхана ұйымдары арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
    Меморандум фармацевтикалық қызмет көрсету сапасын арттыруға, GPP стандарттарын дамытуға және бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
    Осы меморандум аясында ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде «Лидер Медикал Групп» ЖШС «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Іс-шараға Департамент мамандары қатысты.
    Іс-шара барысында дәріхана мамандары дәріхана жұмысымен, дәрілік заттарды сақтау жағдайларымен және фармацевтикалық қызмет көрсетудің ерекшеліктерімен таныстырды.
    «Ашық есік күні» қала тұрғындарының дәрілік заттарды ұтымды қолдану, қауіпсіз фармакотерапия және фармацевтикалық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталды.
    Сонымен қатар, Polpharma Santo және EUROVIT компанияларының өкілдері келушілерге дәрілік заттарды дұрыс қолдану бойынша кеңес беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Іс-шара барысында келушілерге:
    • антибиотиктерді ұтымды қолдану;
    • өзін-өзі емдеудің қауіптері;
    • дәрілік заттарды дұрыс қабылдау қағидалары;
    • Тиісті дәріханалық практика (GPP) талаптары бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.
    Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, халықтың өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға, дәрілік заттарды қауіпсіз әрі ұтымды қолдану мәдениетін арттыруға және ұтымды фармакотерапия қағидаттары бойынша ақпараттандыру деңгейін көтеруге ықпал етті.
    Іс-шара қорытындысында Департамент мамандары «Лидер Медикал Групп» ЖШС аймақтық басқарушы директорына Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып келе жатқан елеулі үлесі, қоғамдық маңызы бар бастамаларға тұрақты қолдау көрсетіп, өңірде өткізілетін іс-шараларға белсенді атсалысқаны үшін алғыс білдірді.
    Дәрілік заттарды дұрыс әрі ұтымды қолдану – халық денсаулығын сақтаудың маңызды кепілі!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары