
Бүгін аудан әкімі С. Займолдин «Шұғыла» мәдениет және демалыс орталығында ауылдың ардақты ақсақалдарымен кездесті.
🔹️Тағылымды жүздесудің басты мақсаты – ел ағаларымен пікір алмасып, ауылдың тыныс-тіршілігі, әлеуметтік-экономикалық дамуы және тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісу.
🔸️Кездесу барысында аудан әкімі ауыл ақсақалдарына аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып, елді мекеннің дамуына қатысты мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде ақсақалдар ауылдың жағдайы, қоғамдық мәселелер, жастар тәрбиесі, ел бірлігі мен береке-бірлікті сақтау жөніндегі өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.
🔹️Жүздесу барысында аудан әкімі С. Займолдин ел ағаларының ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, олардың қоғамдағы белсенділігін атап өтті.
🔸️Кеш соңында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ауданның өсіп-өркендеуіне, елдің тыныштығы мен халықтың амандығына тілектестігін білдірді.









