Жетісу облысында жануарларды бірдейлендіруге арналған құлақ сырғалары жеткілікті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жетісу облысында жануарларды бірдейлендіруге арналған құлақ сырғалары жеткілікті

    Жетісу облысының аудандық және қалалық ветеринариялық станцияларында, сондай-ақ Ветеринария басқармасының қоймасында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруге арналған құлақ сырғаларының жеткілікті қоры қалыптасқан.

    Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша жалпы 1 296 148 дана құлақ сырғасы бар. Оның ішінде:

    • 264 735 дана– мүйізді ірі қара малына;
    • 987 063 дана– ұсақ малға;
    • 43 604 дана– шошқаға;
    • 746 дана– түйеге арналған.

    Қолда бар құлақ сырғаларының қоры 2026 жылға жоспарланған жануарларды бірдейлендіру жұмыстарын толық көлемде орындауға жеткілікті. Бұл ретте бірдейлендіру жоспарына ағымдағы жылы туған төлдер мен түсіп қалған сырғаларды қайта тағу жұмыстары да енгізілген.

    Осылайша, Жетісу облысында 2026 жылға арналған жануарларды бірдейлендіру жұмыстарын үздіксіз жүргізуге қажетті құлақ сырғалары толық көлемде қамтамасыз етілген.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары