Жетісу облысында аса қауіпті аурулардың алдын алу және диагностикалау жұмыстары жүргізілуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жетісу облысында аса қауіпті аурулардың алдын алу және диагностикалау жұмыстары жүргізілуде

    2026 жылы Жетісу облысының аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

    Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 14 түрі бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізу жоспарланған. Жалпы жоспарға сәйкес 11 842 446 бас ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралармен қамту көзделген.

    Атап айтқанда, сібір жарасы, аусыл, шошқа обасы, қойдың күл ауруы, құтыру, пастереллез, жоғары патогенді құс тұмауы, ірі қара малдың түйінді дерматиті, қойлардың брадзоты, энтеротоксемия, ірі қара малдың қарасаны, етқоректілердің эхинококкозы, туберкулез және жылқының маңқасы аурулары бойынша профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде.

    2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жоспарланған ветеринариялық іс-шаралардың орындалу көрсеткіші 94%-ды құрады.

    Профилактикалық іс-шаралардың жылдық жоспарын толық орындау мақсатында қажетті көлемде вакцина қоры қалыптастырылған. Бүгінгі таңда жоспарланған іс-шараларды жүргізуге қажетті 11 234 053 доза вакцина жеткізіліп, ветеринариялық-профилактикалық жұмыстармен қамту көрсеткіші 95%-ды құрап отыр.

    Жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралардың негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу, эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау және халықтың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Қазіргі таңда Жетісу облысының аумағындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты және ветеринариялық қызметтердің тұрақты бақылауында.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары