Көліктегі жасырын орындар: ШҚО-да 3 келіге жуық марихуана тасымалдау фактісі тоқтатылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Көліктегі жасырын орындар: ШҚО-да 3 келіге жуық марихуана тасымалдау фактісі тоқтатылды

    Көліктегі жасырын орындар: ШҚО-да 3 келіге жуық марихуана тасымалдау фактісі тоқтатылды

    Шығыс Қазақстан полицейлері есірткінің ірі партиясын жасырудың ерекше тәсілін анықтады. Үш келіге жуық тыйым салынған зат көліктің әртүрлі бөліктерінде көрінбейтін орындарға жасырынған. Есірткі орамалары дөңгелек аркаларының ішінен, есік қаптамасының артынан және артқы орындықтардың арасынан табылды.

    Ұсталған 39 жастағы ер адам басқа өңірдің тұрғыны болып шықты. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол есірткіні басқа жақтан Өскемен қаласына әрі қарай өткізу мақсатында жеткізген. Күдікті «Паутина» және «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шаралары барысында ұсталды. Көлікті тінту барысында полицейлер оның әртүрлі бөліктеріне жасырылған өсімдік тектес зат салынған алты ораманы тапты.

    Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 3 келіні құрады.

    Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті есірткіге байланысты кез келген әрекет — «қосымша табыс» немесе оңай ақша табудың жолы емес, қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекет екенін ескертеді. Қылмыстық іске қатысудағы рөліне қарамастан, мұндай әрекет үшін заңда жауапкершілік көзделген.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары