Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

    Аудан әкімі әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты

    Бүгін аудан әкімі С. Займолдин жұмыс сапары барысында бірқатар әлеуметтік нысанды аралап, мекемелердің тыныс-тіршілігімен танысты.

    🔹️Алдымен аудан әкімі «Балбұлақ» балабақшасының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында балабақшаның қазіргі жұмысы, балаларға көрсетіліп отырған қызмет сапасы, тәрбие мен білім беру бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.

    🔸️Сонымен қатар балабақша ұжымының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, қызметкерлерді толғандыратын мәселелер ортаға салынды. Ұжым тарапынан айтылған ұсыныстарға назар аударылып, оларды шешу жолдары бойынша пікір алмасты. Аудан әкімі мекеме қызметкерлерінің ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын айтып, көтерілген мәселелердің заң аясында кезең-кезеңімен шешілуіне ықпал ететінін жеткізді.

    🔹️Бұдан кейін С. Займолдин Жүсібалиев атындағы ОҚОМ мектебіне барды. Мектеп алдындағы көлік қозғалысын реттеу және мәселесі қаралды. Бұл ретте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналар мен мектеп қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасау, көлік қозғалысын реттеу мәселелеріне баса назар аударылды.

    🔸️Кездесу барысында мектептің алдында автотұрақ салудың мүмкіндіктері, аумақты тиімді пайдалану және қажетті инфрақұрылымды қалыптастырудың жолдары талқыланды. Тиісті мамандармен бірге мәселенің техникалық және ұйымдастырушылық шешімдері қарастырылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың бағыттары айқындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары