АҚТӨБЕДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙДІ

    АҚТӨБЕДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙДІ
    🇰🇿 АҚТӨБЕДЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ОҢАЛТУ ҚҰРАЛДАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІГІ КЕҢЕЙДІ
    Ақтөбе облысында техникалық оңалту құралдарын тек беру емес, олардың техникалық жағдайын тексеру және қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Биыл бұл бағыттағы жұмыс кеңейтілді. Жобаға қатысатын азаматтарға Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының мамандары SMS арқылы хабарлама жібереді немесе телефон арқылы байланысады.
    Қазірдің өзінде жоба аясында 35 техникалық оңалту құралы қорға қабылданып, оның ішінде кресло-арбалар мен жүріп-тұруға арналған құралдар бар. 18 құрал азаматтарға берілді, 10 құрал жөндеуден өтті.
    Сонымен қатар көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдаланатын тифлотехникалық құралдардың да жағдайы тексеріледі. Олардың қатарында ақпаратты дыбыстап оқуға, Брайль қарпімен ақпарат енгізуге және шығаруға арналған құрылғылар да бар.
    Мамандар құралдың техникалық жағдайын анықтап, қажет болған жағдайда қандай жөндеу жұмыстары қажет екенін белгілейді.
    Егер сізге жобаға қатысу туралы SMS келсе немесе мамандар қоңырау шалса, бұл – жоба аясындағы ресми байланыс. Қосымша ақпарат алу үшін Ақтөбе қаласы, Бөкенбай көшесі 133/1 мекенжайы бойынша мамандарға жүгіне аласыз.
    Жобаның негізгі мақсаты техникалық оңалту құралдарының жарамды күйін сақтап, азаматтардың оларды күнделікті өмірде тұрақты пайдалануына жағдай жасау.
    ▶️ Жоба жайлы толық ақпарат бейнематериалда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары