
Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасындағы XXI Халықаралық бокс турнирі басталды. Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов және Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы және Бекзат Саттархановтың алғашқы бапкері мен анасы сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Халықаралық додаға Қырғыз Республикасынан және еліміздің бірқатар өңірлерінен 400-ден астам жас спортшы қатысуда. Турнир 27 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтеді.








