Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу өтті

    Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу өтті

    Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға біліктілік іріктеу аяқталды.

    ЕЭК-те қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген ЕЭК қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына (Қағидалар) сәйкес өткізілді.

    2026 жылғы 11 қыркүйекте өтініш берген кандидаттармен әңгімелесу өткізілді, оның барысында үміткерлер ЕАЭО-ның институционалдық негіздерін білу, кәсіби деңгейі және Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігі бағаланды.

    Келесі біліктілік іріктеу 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында жарияланатын болады.

    Кандидаттарда уәкілетті органның ұсынымының болмауы оларды ЕЭК-те бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстық іріктеуге одан әрі қатысу мүмкіндігінен айырмайтынын атап өтеміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі" жаңалықтары