
Ақмола облысында полиция жабайы қабанды заңсыз аулауды тергеп жатыр. Оқиға туралы хабарлама Біржан сал ауданының полиция бөліміне "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторынан келіп түсті.
Оқиға орнында Құдықағаш ауылының маңында полицейлер автокөлікті, жабайы қабанның екі ұшасын, пышақтар мен полиэтилен пакеттерді тапты. 58 жастағы фигуранттың уақытша тұрғылықты жерін тінту кезінде пышақтар, мачеталар мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайлары, қатысы бар адамдар және мемлекетке келтірілген залалдың мөлшері белгіленеді.
Полиция жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз аулау және олжалау заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады.








