
Көкшетауда полицейлер жәбірленушінің банктік қосымшасынан ақша ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Полиция басқармасына 45 жастағы Көкшетау тұрғыны өтініш білдірді. Ер адам ұялы телефонның ұрланғаны туралы хабарлады. Ұрланған гаджетпен бірге қаскөй жәбірленушінің банктік қосымшасы мен шоттарына қол жеткізді.
Телефон ұрланғаннан кейін банк шотынан бірден 500 мың теңгеге сатып алу жасалды. Төлем мобильді банктік қосымша арқылы жүзеге асырылған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел басқару орталығының камераларының жазбалары зерттеліп, қысқа мерзімде ықтимал күдікті анықталды. Ол Көкшетаудың 38 жастағы тұрғыны болып шықты.
Ер адам анықталып, ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында ол мойындау айғақтарын берді.
Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары белгіленуде.
Полиция азаматтар есіне салады: банктік қосымшасы бар телефонды жоғалту немесе ұрлатып алу құрылғының өзін жоғалтып қана қоймай, ақшаның ұрлану қаупін де тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда банктік қосымшалар мен карталарды дереу бұғаттап, банкке хабарласып, оқиға туралы полицияға хабарлау қажет.









