Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Үлкен Қараой ауылдық округі әкімнің аппараты·Жаңалықтар мұрағаты

Еңбек адамдарына — құрмет пен қошемет!
Үлкен Қараой ауылдық округінің әкімі Еңбек күнін мерекелеу аясында Ләззат Теміржанқызы мен Михаил Дмитриевичті көп жылғы адал еңбектері үшін құттықтап, алғысын білдірді.
Ләззат Теміржанқызы әкімдікте 20 жыл еңбек етсе, Михаил Дмитриевич механик мамандығына 45 жылын арнады.
Олардың еңбек жолы — жауапкершілік пен кәсібиліктің, өз ісіне деген адалдықтың жарқын көрінісі. Мұндай жандар жас буынға үлгі болып табылады және шынайы алғыс пен құрметке лайық.
Құрметті еңбек ардагерлеріне зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ та бақытты ғұмыр тілейміз!
Еңбектеріңіз пен туған өлкенің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс айтамыз!





