
Орал қалалық
мәслихаты төрағасының шешімі
Орал қаласы №31 2026 жылғы 28 қыркүйек
Орал қалалық мәслихатының
31-кезектен тыс сессиясын
шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 және 19-баптарына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Орал қалалық мәслихатының 31-кезектен тыс сессиясы қалалық әкімдіктің үлкен залында 2026 жылғы 2 қазан күні сағат 11.00-де келесі күн тәртібімен шақырылсын:
- Орал қаласы Зачаган кенті әкімінің орнынан түсуін қабылдау туралы.
- « Орал қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Орал қалалық мәслихатының 2022 жылғы 20 қыркүйектегі №19-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы.
Орал қалалық
мәслихатының төрағасы Е.Калиев









