«Дала дәмі» жәрмеңкесі өтті

    «Дала дәмі» жәрмеңкесі өтті

    Ақтөбе қаласында «Дала дәмі» республикалық концепциясы аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

    Жәрмеңкеге Әйтеке би, Қарғалы және Мұғалжар аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, қала тұрғындарына ет, сүт және көкөніс өнімдерін ұсынды. Өнімдер нарықтағы бағадан 10–15%-ға төмен сатылды.

    Сонымен қатар, жұмыс тобы «Табыс» әлеуметтік базары, «Алтай» базары және Сарыжайлау көшесі 20Б, азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді. АҚ «Ақтөбе ӘКК» өкілдері және контрагенттермен ӘМАТ бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

    Аталған жұмыстар тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге және баға тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

    Жәрмеңкелер жыл соңына дейін әр сенбі сайын ұйымдастырылады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" жаңалықтары