
Бүгін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М. Т. Ошурбаев Дүниежүзілік банктің жоба тобының жетекшісі Анис Ван ханыммен және UNOPS командасымен «Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту: ластануды мониторингілеу және биоалуантүрлілікті сақтауды жоспарлау әлеуетін нығайту» («Blueing the Caspian Sea») жобасын іске асыруды қолдау жөніндегі миссиясы шеңберінде кездесті.
Жоба Қазақстанның Каспий теңізі секторындағы ұлттық мониторинг жүйелерін дамытуды көздейді.
Кездесу барысында жобаны уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі одан әрі қадамдар, нәтиже көрсеткіштері және жобаны іске асыру тетіктері талқыланды.









