Облыстық құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру

    Облыстық құлақтандыру жүйесін техникалық тексеру

    Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары!

    Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11:55-те облыстық құлақтандыру жүйесінің жұмысын тексеру мақсатында электрдабылдар іске қосылатынын хабарлайды.

    Сонымен қатар, облыс аумағында «Cell Broadcast» технологиясы арқылы жұмыс істейтін «Mass Alert» жедел хабарлау жүйесі бойынша тестілік хабарлама жіберіледі.

    Осыған байланысты, үрейге берілмеулеріңізді және аталған іс-шараға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

    Сонымен қатар, Жетісу облысының ТЖД төтенше жағдайлар кезінде электрдабылдар іске қосылған жағдайда орындалуы тиіс тәртіп ережелерін еске салады.

    Егер дабыл кезінде үйде болсаңыз:

    - радио мен теледидарды қосыңыз;

    - шұғыл хабарламаны мұқият тыңдаңыз;

    - берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

    Егер дабыл кезінде далада болсаңыз:

    - көшедегі дауыс зорайтқыштар және жылжымалы хабарлау құралдары арқылы берілетін шұғыл хабарламаны тыңдаңыз;

    - берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

    Сабыр сақтап, ресми ақпаратқа назар аударыңыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары