Нысандардағы оқу-жаттығу дабылы: авариялық дайындық пен өнеркәсіптік қауіпсіздік

    Нысандардағы оқу-жаттығу дабылы: авариялық дайындық пен өнеркәсіптік қауіпсіздік

    Ұлытау облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы инспекторларының қатысуымен кезекті оқу-жаттығу дабылы өтті. Шара барысында персоналдың ықтимал авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдары бағаланып, өнеркәсіптік қауіпсіздікті одан әрі арттыру бойынша ұсынымдар берілді. Оқу-жаттығу жиыны «ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасының нысандарында ұйымдастырылды. Басты мақсат –қызметкерлердің төтенше жағдайларға жедел әрі үйлесімді әрекет ету дайындығын тексеру.

    Сценарийге сәйкес, РВСП № 5 және РВС № 1 резервуарларындағы сифонды крандардың герметикалығы бұзылған кездегі шұғыл шаралар пысықталды. Атап айтқанда, кезекші қызметтерді жедел хабардар ету, ағын орнын оқшаулау, жабдықтарды ажырату және қауіпті аймақты қоршау жұмыстары сәтті орындалды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті" жаңалықтары