
Қостанай облысында «Жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың алдын алу» тақырыбында Zoom платформасы арқылы облыстық семинар өткізілді. Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының мамандары қатысты.
Семинар барысында Қостанай облысындағы ЖРВИ мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы, эпидемияға қарсы іс-шаралар, халықтың басым топтарын иммундау мәселелері, сондай-ақ зертханалық мониторингті ұйымдастыруға қойылатын талаптар қаралды.
Сонымен қатар балалар арасында ЖРВИ мен тұмаудың клиникасы, диагностикасы және емдеу ерекшеліктеріне, асқынулардың алдын алуға, сондай-ақ қауіп тобына жататын жүкті әйелдерді қорғау шараларына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға аурудың алдын алу және алғашқы белгілері пайда болған жағдайда медициналық көмекке уақтылы жүгіну бойынша практикалық ұсынымдар берілді.









