
2026 жылғы 24 қыркүйекте Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Нугертаеваның төрағалығымен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілдері, сондай-ақ Ақмола облысының «Бірлік» жергілікті кәсіподағының төрағасы қатысты. Олар еңбекті қорғау, жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері бойынша өзекті баяндамалар жасады.
Семинар барысында жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбекті қорғау талаптарын сақтау, өндірістік жарақаттануды тиімді бақылау және алдын алуды ұйымдастыру мәселелері қаралды. Қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі жұмысты жетілдірудің практикалық аспектілеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында «BI Group» құрылыс нысанына бару ұйымдастырылды. Қатысушылар нысанда жұмыскерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қолданылатын шаралармен, еңбекті қорғау талаптарының сақталуын бақылауды ұйымдастырумен танысты. Сонымен қатар қосымша назар аударуды және жетілдіруді талап ететін практикалық мәселелер талқыланды.
Мұндай іс-шаралар практикалық тәжірибе алмасуға, қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыруға және кәсіпорындардағы еңбекті қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.









