САРЫАҒАШ: ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРУДЕ

    Сарыағаш ауданында денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту және ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету мүмкіндігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
    Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар және Дихан баба елді мекендерінде жаңадан салынып жатқан медициналық нысандарға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
    Аудан басшысы мердігер ұйымдар мен жауапты сала мамандарына құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай сапалы орындап, нысандарды уақытылы аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, тапсырыс беруші мен мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс барысында орын алған кемшіліктерді ретке келтіру қажеттегін ескертті.
    Айта кетсек, Ақжар елді мекеніндегі нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
    Ал Дихан баба елді мекеніндегі медициналық нысанда бөлме есіктерін орнату, ішкі әрлеу жұмыстары жалғасуда.
    Медициналық нысандар толық аяқталып, пайдалануға берілгеннен кейін ауыл тұрғындары алғашқы медициналық-санитариялық көмекті заманауи талаптарға сай жаңа ғимараттарда ала алады. Бұл өз кезегінде тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
    Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары