Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясын шақыру

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының

    2026 жылғы 27 қыркүйектегі №7-Ш шешімі

    Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

    мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші

    сессиясын шақыру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2026 жылғы 29 қыркүйек күні сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы шақырылсын.

    Облыстық мәслихат

    төрағасы Н. Әбішов

    ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

    Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

    халқының назарына

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма жетінші сессиясының 2026 жылғы 29 қыркүйек сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (1-қабаттағы мәжіліс залы).

    Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2026 жылғы 29 қыркүйек сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.

    Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

    1) «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру мәселесі туралы;

    2) «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы білім сапасы жөніндегі Өңірлік кеңестің құрамын бекіту» туралы;

    3) «Түркістан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесіне өзгерістер енгізу» туралы;

    4) «Түркістан облысы елді мекендердің жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидаларын, Түркістан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 10 шілдедегі № 4/50-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

    5) «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Түркістан облысы бойынша жоспары» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы
    13 желтоқсандағы №14/192- VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

    Облыстық мәслихат

    төрағасы Н. Әбішов

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары