
Қазіргі цифрлық дәуірде интернет-технологиялар күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Онлайн-сервистерді, электрондық төлемдерді, интернет-дүкендерді және әлеуметтік желілерді пайдалану көптеген процестерді айтарлықтай жеңілдетеді. Алайда, цифрлық технологиялардың дамуымен қатар интернет-алаяқтық жағдайларының саны да артып келеді. Сондықтан бүгінде Интернет желісіндегі қауіпсіздік мәселелері ерекше өзектілікке ие болып отыр.Жүргізіліп жатқан жұмыс барысында азаматтарға интернеттегі қауіпсіз мінез-құлықтың негізгі ережелері түсіндіріледі: банк карталарының деректері мен растау кодтарын үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу, күдікті сілтемелерге, белгісіз нөмірлерден келетін қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттілігі. Сондай-ақ, тұрғындарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қолданылатын ең кең таралған алаяқтық схемалар туралы ақпарат беріледі.Бүгінде алаяқтар азаматтардың дербес деректері мен ақша қаражаттарына қол жеткізуге тырысып, көбінесе банктердің, құқық қорғау органдарының немесе түрлі ұйымдардың қызметкерлері болып таныстырылады. Дәл осы себепті әрбір адам өзінің жеке ақпаратын қорғауға жауапкершілікпен қарауы және цифрлық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауы қажет.Киберқылмыспен күресте құқық қорғау органдарының маңызды рөліне қарамастан, азаматтардың өздерінің қырағылығы мен жауапкершілігі шешуші мәнге ие. Тек сақтық шараларын сақтау және күдікті әрекеттер туралы құзыретті органдарға уақтылы хабарлау ғана интернет-алаяқтыққа тиімді қарсы тұруға мүмкіндік береді.









