Құтқарушылар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Құтқарушылар бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысып, кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді

    Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жастар мен оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.

    Іс-шара барысында ТЖД өкілдері қатысушыларға азаматтық қорғау органдарына қызметке орналасу тәртібі, кандидаттарға қойылатын талаптар, қызметтің ерекшеліктері, сондай-ақ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында бейінді білім алу мүмкіндіктері туралы айтып берді.

    Кәсіптік бағдар беру жұмысының жеке бағыты Көкшетау қаласындағы №4 жалпы білім беретін мектепте ұйымдастырылды. ТЖД қызметкерлері 9 және 11-сынып оқушыларымен кездесіп, құтқарушы мамандығы, азаматтық қорғау органдарының қызмет бағыттары және Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында білім алу мүмкіндіктері туралы түсіндірді.

    Кездесу барысында оқушыларға жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері де еске салынды. Құтқарушылар жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндіріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс қолдану тәртібін тәжірибе жүзінде көрсетті.

    Мұндай іс-шаралар жастарға жұмысқа орналасу және бейінді білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп қана қоймай, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары