Еңбек ардагерлеріне құрмет

    Еңбек ардагерлеріне құрмет

    Қазақстан Республикасындағы Еңбек күні қарсаңында аудан әкімі еңбек ардагерлері — Ермилов Александр Сергеевич пен Абдрашитова Раиса Максимовнаға арнайы барып, мерекелерімен құттықтады.

    Ермилов Александр Сергеевич — кеңестік және қазақстандық ғалым-селекционер, жаздық жұмсақ бидай селекциясы саласының маманы. Ғылыми қызметі барысында жоғары өнімді бидай сорттарын шығаруға және өндіріске енгізуге елеулі үлес қосты.

    Абдрашитова Раиса Максимовна — көпжылдық астық және бұршақ тұқымдас шөптер селекциясы саласының маманы. Көп жылдарын ғылыми қызметке және ауыл шаруашылығын дамытуға арнады.

    Кездесу барысында ардагерлерге көп жылғы еңбегі, кәсібилігі және аграрлық саланың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтылып, зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілектері білдірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары