Атырау қаласының прокуратурасы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің үйлестіруімен құны шамамен 5 млрд теңге болатын заманауи кірпіш зауытын салатын «Sapa Stone» ЖШС-ның инвестициялық жобасын іске асыруға кедергі болған жер мәселесін шешті. Жоба аясында 65 жұмыс орнын құружоспарланған.
Прокурорлық қадағалау барысында жобаны іске асыруға ауданы 40 гектар жер учаскесіне қатысты дау кедергі келтіргені анықталды.
Сот талқылауы жыл басынан бері жалғасқан. Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, қабылданған түпкілікті сот шешімі инвесторға жобаны іске асыру жұмыстарын жалғастыруға мүмкіндік берді.
Қазіргі уақытта «Sapa Stone» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге кірісті. Зауыт құрылысын 2027 жылы бастау жоспарланған.
Жаңа өндіріс өңірдегі құрылыс материалдарын өндіру көлемін арттыруға, 65 жұмыс орнын ашуға және Атыраудың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Осылайша, прокурорлардың араласуы инвестициялық жобаның келесі кезеңге өтуіне мүмкіндік берді.
Прокуратура инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін әкімшілік және өзге де тосқауылдарды анықтау және жою, сондай-ақ инвесторлардың заңды құқығын қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.
Атырау прокурорлары 5 млрд теңгелік жобаға кедергі болған жер мәселесін шешті: зауыт құрылысы 2027 жылы басталады
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Қазақстанда қарттар күні атап өтілуде
Қаржы басқармасыАшу
Агенттік сақтандыру нарығының келесі басшы қызметкерлерін бекітті
ҚР ҚНРДААшу
Ақмырза ауылдық округінің тұрғындарымен Ерейментау ауданыны мен ауылдық округінің әкімдерінің есептік кездесуі
АшуЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРҒА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША БРИФИНГ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіАшу
Қызылордада оқушыларға арналған Ашық есік күні өтті
Ашу
"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті" жаңалықтары

Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті мектептер мен балабақша құрылысы жобаларын іске асырып жатқан инвестордың мәселелерін жұмысқа алды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу
Комитетте Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАқмола облысының прокуратурасы 6,9 млрд теңгелік инвестициялық жобаның тоқтап қалуына жол бермеді
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу385 млрд теңге инвестиция: Ақмола прокуратурасы екі рет виза ала алмаған шетелдік инвесторға көмектесті
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшуАстанада экосаябақ ашылды: инвестициялық жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіАшу