Павлодарда жас туристердің республикалық слеті жалғасуда

    Павлодарда жас туристердің республикалық слеті жалғасуда

    Павлодар облысында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті екінші күнге жалғасты.

    Слет бағдарламасына спорттық, зерттеу және мәдени-танымдық бағыттағы іс-шаралар енгізілген. Бүгін жас туристер туристік блок аясында өздерінің шеберліктерін сынап, «Спорттық бағдарлау» және «Туристік кедергілер жолағы» номинацияларында бақ сынауда.

    «Спорттық бағдарлау» бойынша қатысушылар орта қашықтық және спринт форматтарында жарысып, жылдамдық пен дәлдікті ұштастырады. Ал туристік кедергілер жолағында тәжірибесі мен ептілігін көрсетеді.

    Слеттің маңызды бағыттарының бірі – зерттеу жұмыстары. «Менің туған өлкем» және «Үздік экспедициялық жоба» номинацияларында қатысушылар туған өлкенің табиғи, тарихи-мәдени мұрасы мен ерекшеліктеріне арналған зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырады.

    Республикалық слет жас туристердің танымдық ізденісін кеңейтіп, туған өлкені зерттеуге деген қызығушылығын арттырып, туристік дағдыларын шыңдауға мүмкіндік беретін мазмұнды алаңға айналуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Павлодар облысының білім беру басқармасы" мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары