Есіл ауданындағы тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар

    Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыра отырып, тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізу туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында 2026 жылғы 14-23 қыркүйек аралығында оқу-жаттығу жиындары өткізілді. Шақырылған әскери міндеттілер теориялық және практикалық дайындықтан өтті, қажетті дағдыларды пысықтады, бөлімшелердің үйлесімділігін, олардың өзара іс-қимыл деңгейін тексерді, жауынгерлік әзірлікті арттырды. Ең үздік әскери міндеттілер Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің, Есіл ауданы әкімінің және аумақтық қорғаныс бригадасы командирінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» КММ" жаңалықтары