Жоспардан тыс тексеру Ақсу қаласынның Еңбек ауылындағы мектебінде жүргізілді.

    Жоспардан тыс тексеру Ақсу қаласынның Еңбек ауылындағы мектебінде жүргізілді.

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша берілген нұсқаманың орындалмауына байланысты Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке жоспардан тыс тексеру жүргізді.

    Тексеру барысында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан ұйымның құжаттары мен қызметі зерделенді.

    Тексеру нәтижесінде заңнама талаптарының орындалмағаны анықталды. Мектепке оларды жоюдың нақты мерзімдері белгіленген нұсқама берілді.

    Білім беру ұйымының басшысына қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары