ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

    ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ: ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

    Бүгін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы бекіткен кестесіне сәйкес Департаменттің ұйымдастыруымен азаматтарды жеке қабылдау өткізіліп, еңбек қатынастары саласына қатысты мәселелер бойынша өтініштері тыңдалды.

    Департамент басшысының орынбасары Төлендиев Мұрат Сағынұлының төрағалығымен өткізілген жеке қабылдау барысында азаматтар еңбек заңнамасының талаптарын сақтау, еңбек шартының жасалуы, еңбек ақының уақытылы төленуі, еңбек құқықтарының қорғалуы және өзге де еңбек қатынастарына қатысты мәселелер бойынша сауалдарын жолдады.

    Қабылдау кезінде әрбір өтінішке жеке назар аударылып, азаматтарға қолданыстағы еңбек заңнамасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көтерілген мәселелер зерделеніп, заң талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатыны түсіндірілді.

    Азаматтардың өтініштерін қарау және олардың еңбек құқықтарын қорғау – Департаменттің негізгі бағыттарының бірі. Жеке қабылдаулар тұрғындардың өз мәселелерін тікелей жеткізіп, еңбек саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары