
2026 жылғы 22 қыркүйекте Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі қаралды.
Талқылау барысында депутаттар аудан аумағында салық мөлшерлемесін 4%-дан 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады.
Комиссия отырысында қабылданған қаулы мәслихат сессиясының қарауына енгізіліп, онда депутаттар заңнамада белгіленген тәртіппен түпкілікті шешім қабылдайды.
Салық мөлшерлемесін төмендету аудан кәсіпкерлері үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және шағын және орта бизнесті қолдау шараларының бірі болып табылады.
Мәслихат депутаттары кәсіпкерлердің мүдделерін ескеріп, ауданда іскерлік белсенділікті дамытуға жағдай жасауды маңызды деп санайды.





