ЖЕТІСАЙ: «С.ҚОЖАНОВ АТЫНДАҒЫ №42 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    ЖЕТІСАЙ: «С.ҚОЖАНОВ АТЫНДАҒЫ №42 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КММ-НЕ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ
    Ағымдағы жылдың 22 қыркүйек күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Төленов Мұхтар Өтегенұлы Жетісай адуанындағы іс-сапары барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы ІІ-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес Жетісай аудандық білім бөліміне қарасты «С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектебі» КММ-не профилактикалық бақылау жүргізді.
    Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мұхтар Өтегенұлы «С.Қожанов атындағы №42 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
    Сонымен қатар, жұмыс берушіге еңбек заңнамасы талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, анықталған мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
    Профилактикалық бақылау – құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз әрі заңды еңбек жағдайларын қалыптастыруға бағытталған маңызды шара.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары