ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ – ТАЗА ОРТА ҮШІН БІРГЕ!

    ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛЫҚ КҮНІ – ТАЗА ОРТА ҮШІН БІРГЕ!
    Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында Шілік ауыл округінде санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – елді мекен аумағының тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
    Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері белсене қатысып, көшелер, қоғамдық орындар және елді мекен аумағы тазартылды.
    Таза ауыл – жайлы орта, көркейген елді мекен – баршаға ортақ жауапкершілік!
    Барша тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және туған жерімізді көркейтуге өз үлестерін қосуға шақырамыз.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары