«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті» РММ·Жаңалықтар мұрағаты

Ерікті қоныс аудару бағдарламасы отбасыларға басқа өңірге көшіп қана қоймай, жаңа жерде баспана тауып, жұмысқа орналасып, тұрмысын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай оң мысалдар аз емес.
Солардың бірі – Қарағанды облысының Шахтинск қаласына қоныс аударған Пердебай Шайдуллаевтың отбасы.
Бағдарлама аясында отбасы мемлекеттік қолдау шараларына ие болды. Ал Мансап орталығының көмегімен Пердебай Кенжебаевич қалалық ауруханаға санитарлық-техникалық жүйелердің слесарі болып жұмысқа орналасты.
Жаңа қалаға көшіп, тұрмысын бастау қалай болғаны және көрсетілген қолдау туралы Пердебай Кенжебаевич бейнематериалда айтып берді.









