Құқықтық сауаттылықты арттыру

    Құқықтық сауаттылықты арттыру

    2026 жылғы 18 қыркүйекте №35 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция өтті.

    Іс-шара барысында Павлодар облысы Әділет департаментінің бас маманы Жұман Айдос пен нотариус Амри Аскар оқушыларға құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесу барысында буллингтің, дропперліктің және алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға аталған құқық бұзушылықтардың құқықтық салдары түсіндіріліп, өз құқықтарын қорғау және заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Әділет департаменті" жаңалықтары