Ақтауда 29А шағын ауданында жаяу жүргінші жолы салынуда

    Ақтауда 29А шағын ауданында жаяу жүргінші жолы салынуда

    Ақтау қаласында қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың өтініші негізінде 29А шағын ауданында жаңа жаяу жүргінші жолын салу жұмыстары басталды.

    Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан ұзындығы 300 метрге жуық аумақта брусчатка төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жаяу жүргінші жолы тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    – Аталған жұмыстар тұрғындардың ұсыныстары мен шағын аудан аумағындағы қажеттіліктер ескеріле отырып ұйымдастырылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар қаланың өзге де шағын аудандарында кезең-кезеңімен жалғасатын болады, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.

    Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары