Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында цифрландыру саласында бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында «Цифрландыру саласында бюджет қаражаты мен активтерін тиімді жоспарлау және пайдалану» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының басшылығы мен мемлекеттік аудиторлары, цифрландыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    Кездесудің негізгі мақсаты - цифрлық жобаларды іске асыру кезінде бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді жоспарлау және пайдалану, олардың қойылған мақсаттарға, қол жеткізілген нәтижелерге және халықтың өзекті қажеттіліктеріне сәйкестігі мәселелерін талқылау болды.

    Дөңгелек үстел барысында қаланың цифрлық инфрақұрылымын дамыту, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және интеграциялау, мемлекеттік және әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ Алматы қаласы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған цифрлық шешімдерді енгізу мәселелері қаралды.

    Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясымен «Алматы қаласы цифрландыру басқармасы» КММ-де, «Алматы қаласын дамыту орталығы» ЖШС-де және «Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС-де 2026 жылы жүргізілген аудиторлық іс-шарасының нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Аталған аудиторлық іс-шара тиісті орган құрылғаннан бері көрсетілген ұйымдарға қатысты жүргізілген алғашқы кешенді іс-шара болды.

    Талқылау барысында аудит нәтижелері бойынша қалыптастырылған қорытындылар мен ұсынымдар, сондай-ақ цифрлық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәсілдерін одан әрі жетілдіру, олардың нәтижелілігін арттыру және бюджет ресурстары мен мемлекеттік активтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

    Цифрландыру саласының өкілдері қатысушыларды ағымдағы қызметтің негізгі бағыттарымен, іске асырылып жатқан цифрлық бастамалармен және Алматы қаласының цифрлық инфрақұрылымын одан әрі дамыту перспективаларымен таныстырды.

    Бұдан бөлек, цифрлық жобалардың практикалық тиімділігі, олардың халық үшін қажеттілігі, ақпараттық жүйелердің өзара ықпалдастығын қамтамасыз ету және цифрлық деректер негізінде қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

    Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша цифрлық бастамалардың нәтижелілігін арттыру, бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қала тұрғындары үшін практикалық маңызын күшейту жөнінде пікірлер, тәжірибе және ұсыныстар алмасу жүргізілді

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясы" жаңалықтары