"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

2026 жылғы 17 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша №1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің мамандары «Ғ. Мүсірепов атындағы аудандық аурухана» ШЖҚ КМК мамандарымен семинар өткізді.
Семинар барысында азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу және оларды жіберудің негізділігі мәселелері қаралды. Сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама мамандары 2026 жылғы 11 тамыздағы «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына» енгізілген толықтырулар мен өзгерістерді түсіндірді.









