
2026 жылғы 11 қыркүйекте Павлодар облысы Әділет департаментінің тіркеу қызметі және коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу саласындағы бақылау бөлімі қызметкелері Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Павлодар облысы бойынша қалалық және аудандық филиалдарының қызметкелерімен Zoom платформасы арқылы семинар-кеңес өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мәселелер, сондай-ақ халықаралық шарттар мен Конвенциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен Украина арысындағы келісімдер шеңберінде міндеттемелерді тиісінше орындау мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарының қызметтінің тиімділігін арттыруға және халықтың құқықтық сауаттылығын нығайтуға ықпал ететін түсіндіру іс-шараларын жүргізу қажеттілігі атап өтілді.









