КЕНТАУДА «БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

    КЕНТАУДА «БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    КЕНТАУДА «БАЛАЛАР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ» СУРЕТ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
    Кентау қаласында жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауы өтті.
    Байқау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен және облыстық қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
    Байқауға 7–17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатысып, адалдық, әділдік және жемқорлықсыз қоғам тақырыптарын шығармашылық жұмыстарында бейнеледі.
    Қорытындысында үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары