ШҚО полициясы қала тұрғынына 3 миллион теңгесін сақтап қалуға көмектесті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ШҚО полициясы қала тұрғынына 3 миллион теңгесін сақтап қалуға көмектесті

    ШҚО полициясы қала тұрғынына 3 миллион теңгесін сақтап қалуға көмектесті

    Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның алаяқтардың құрбаны болуына жол бермей, шамамен 3 миллион теңгесін сақтап қалуға көмектесті.

    Өскемен қаласы полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің полиция майоры Жанарбек Бекенбаев пен полиция капитаны Дулат Мажитов жағдайды дер кезінде анықтап, алаяқтық схеманы әшкереледі. Олардың жедел әрекетінің арқасында алаяқтар қаражатты алып үлгермеді.

    Қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне кәсібилігі, мұқияттылығы және дер кезінде көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті еске салады: егер сізге бейтаныс адамдар қоңырау шалып, қандай да бір себеппен банк картасының деректерін, SMS арқылы келген кодтарды сұраса немесе ақша аударуға көндіруге тырысса, әңгімені жалғастырмаңыз. Қоңырауды тоқтатып, банкке немесе полицияға өзіңіз ресми нөмір арқылы хабарласыңыз.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары