
🏅 «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары табысталды
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік наградалары туралы» Заңына сәйкес, Рахат ауылдық округінде тұратын көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды.
Марапаттау рәсімінде ана – отбасының берекесі мен шаңырақтың жылуын қалыптастыратын ардақты жан екені атап өтілді.
🌷 Ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып, отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген барша аналарға шынайы алғысымызды білдіреміз!







