Бәйгеде топ жарған шабандоздар марапатталды

    Бәйгеде топ жарған шабандоздар марапатталды

    Қала күніне орай ұлттық спортты ұлықтап, ата дәстүрді дәріптеген бәйге ұйымдастырылды. Бәйге үш бағыт бойынша өтті. Құнан бәйгеде шабандоздар 7 шақырым, топ бәйгеде 15 шақырым, ал аламан бәйгеде 25 шақырым қашықтықты бағындырды.

    Құнан бәйге — 7 км

    1-орын – «Тасқын», шабандозы Амангелді Хамза

    2-орын – «Дастархан», шабандозы Шайзада Айсұлтан

    3-орын – «Тобылғы торы», шабандозы Қаупен Әли

    4-орын – «Аманат», шабандозы Мұхаммедамин Берікжанұлы

    5-орын – «Асу», шабандозы Айтқабыл Нұрали.

    Топ бәйге — 15 км

    1-орын – «Ғұн», шабандозы Саматұлы Айсұлтан

    2-орын – «Қарақат», шабандозы Толеген Асылжан

    3-орын – «Оқжетпес», шабандозы Әмір Серік

    4-орын – «Қымбат», шабандозы Разақ Нұржігіт

    5-орын – «Ай-хай», шабандозы Ахметұлы Абылай.

    Аламан бәйге — 25 км

    1-орын – «Айторы», шабандозы Қаупен Әли

    2-орын – «Бирхан», шабандозы Бекбатыр Нұрасыл

    3-орын – «Баязит», шабандозы Кузницов Руслан

    4-орын – «Жарқынай», шабандозы Саматұлы Айсұлтан

    5-орын – «Ғазиза», шабандозы Разақ Нұржігіт. Құнан бәйгенің жеңімпазына – квадроцикл, ал топ және аламан бәйгенің жеңімпаздарына Changan автокөліктері табысталды.

    Сонымен қатар бесінші орынға дейін жүлделер табысталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Семей қаласының әкімдігі" жаңалықтары